Қазақстан жаңалықтары20.01.2023
«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығында Директорлар кеңесінің отырысы өтті

QAZAQ GREEN. 18 қаңтарда «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығында Директорлар кеңесінің 2023 жылғы алғашқы отырысы өтті.
Отырыста қауымдастықтың 2022 жылғы жұмысы қорытындысы және 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды. Қауымдастықтың 2023 жылға арналған жұмыс жоспары 5 бағытты қамтиды: саланы дамытудың стратегиялық бағыты бойынша жұмыс, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, білім беру қызметі, көміртегі нарықтарын дамыту, ЖЭК секторын дамытуды ақпараттық қолдау. 2023 жылға жоспарланған ірі шаралардың арасында Qazaq Green Fest-2023 ЖЭК бойынша II халықаралық фестивалін өткізу мәселесі талқыланды.
Сондай-ақ, отырыста Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері: «SSDC» ЖШС директоры Аида Мақсұт және «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС бас заңгері Арсений Катеруша таныстырылды.
Берілген өтініштердің негізінде Директорлар кеңесінің шешімімен қауымдастық мүшелерінің құрамына Jinko Solar компаниясы, ал аккредиттелген бақылаушы ретінде «Алтыналмас АК» АҚ қабылданды.
Отырысқа қатысушылар сонымен қатар Қазақстанда ЖЭК секторын дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты: қуаты 1 ГВт болатын ЖЭК жобасын іске асыру жөніндегі үкіметаралық келісім, шағын ГЭС жобаларын іске асыру, шағын ауқымды ЖЭК дамыту, ЖЭК нысандарына нақты уақыт режимінде бірыңғай сатып алушы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарықтың енгізілуінің әсері, ҚР электр энергетикасы саласын дамыту стратегиясын әзірлеу қажеттілігі. Осы мәселелерді бақылауға алу, оларды түрлі алаңдарда талқылауға белсенді қатысу және Директорлар кеңесін ағымдағы жай-күйі туралы хабардар етіп отыру туралы шешім қабылданды.
«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Директорлар кеңесі қауымдастық қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын қауымдастықтың алқалы басқару органы болып табылады. Директорлар кеңесінің құрамына электр энергетикасы және ЖЭК саласының беделді сарапшылары: Соспанова А.С., Шкарупа А.В., Тюгай В.Г., Момынбаев Ж.Б., Хисамидинова К.Р., Билялов Е.М., Стиллавато А., Слесаренко А.В., Мақсұт А., Катеруша А.В. кіреді. Қауымдастықтың Директорлар кеңесінің төрағасы Капенов Н. Н.
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты