Экологиялық саясат

Экологиялық саясат28.05.2024

Қазақстанда егіншіліктің экологиялық қиындықтары: пестицидтер мен тұрақты органикалық ластағыштарды басқару

 
Юлия Лобунцова, Қалдықтар және химиялық қауіпсіздік департаментінің директоры, «Тұрақты дамуға көмектесу» орталығы» ҚҚ

 
Ирина Завьялова, Қалдықтар жөніндегі маман, «Тұрақты дамуға көмектесу» орталығы» ҚҚ

Пестицидтерді, оның ішінде құрамында тұрақты органикалық ластағыштар бар пестицидтерді басқару қазақстанда маңызды экологиялық проблемалардың бірі болып қала береді. Кеңес одағынан қалған ескірген пестицидтер, әдетте, ауыл шаруашылығына жақын орналысқан қоймаларда, ашық аспан астында, және де дұрыс емес жағдайда сақталады.

Бұған қоса, ескірген пестицидтердің қатарлары олардың жарамдылық мерзімінің аяқталуы, сондай-ақ олармен жұмыс істеу талаптарының бұзылуы нәтижесінде қазіргі уақытта қолданылатын пестицидтермен үнемі толықтырылып отырады. Бұл ретте, ескірген пестицидтер және олардың қоршаған ортаға әсері ауыл шаруашылығында елеулі проблемалар туғызуы мүмкін. Сол себептен, бұл мәселе тәуекелдерді басқару, экологиялық нормалар мен стандарттарды сақтауды талап етеді.

ПЕСТИЦИДТЕР ДЕГЕНІМІЗ HE?

Пестицидтер өсімдік зиянкестері мен ауруларымен, сондай-ақ жануарлардың қауіпті ауруларының әр түрлі паразиттері мен тасымалдаушыларымен күресу үшін егіншілікте қолданылатын улы химикаттар. Пестицидтер бірнеше негізгі топтарға бөлінеді. Ең көп тарағандары: гербицидтер арамшөптерді жою үшін, инсектицидтер жәндіктер зиянкестерді жою үшін, фунгицидтер патогендіксаңырауқұлақтармен күресу үшін, зооцидтер – кеміргіштердің зиянкестеріне қарсы қолданылады.

Ескірген пестицидтер деп жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты тиімділігін немесе қауіпсізділігін жоғалтқан, дұрыс сақталмаған, дұрыс пайдаланбаған немесе заңнамалық нормаларға сәйкес пайдалануға тыйым салынған пестицидтер деп түсініледі.

Пестицидтердің кейбір түрлері тұрақты органикалық ластағыштарға (ТОЛ) жатады қоршаған ортада барлық жерде қозғалатын және қоршаған ортаға және тірі ағзалардың денсаулығына ұзақ уақыт бойы зиянды болып қалатын химиялық заттар тобы. ТОЛ Стокгольм Конвенциясымен реттеледі. Оның мақсаты адамның денсаулығы мен пен қоршаған ортаны ТОЛ теріс әсерінен қорғау болып табылады. Қазіргі уақытта Конвенцияға сатуға және пайдалануға тыйым салынған 30 ТОЛ кіреді. Дегенмен, бұл тізім үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Оның ішінде 19 химиялық зат пестицидтер болып табылады

ПЕСТИЦИДТЕРЖӘНЕТОЛАДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАНДАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Пестицидтер, әсіресе ТОЛ пестицидтер адамның экожүйесі мен жануарлардың биоалуантүрліктеріне өте жағымсыз әсер келтіреді. Топырақта, суда және ауада жинақталып, олар табиғи ортаның ластануына және экожүйелердің бұзылуына әкеледі. Улы компоненттер өсімдіктерді, жануарларды және микроағзаларды уландырып, олардыңтіршілік әрекетін бұзады және биоалуантүрліліктің төмендеуіне әкеледі. Бұған қоса, бұл заттар бір ағзадан екіншісіне қоректік тізбектер арқылы өтуі мүмкін. Бұл каскадты әсерлерді тудырады және экожүйелердің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Аз мөлшерде болса да, ТОЛ қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейінгі ұрпаққа берілуі және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға нақты қауіптөндіруі мүмкін. Улы заттар адамда әр түрлі аурулар мен патологияларды тудырады. ТОЛ мен пестицидтердің адам денсаулығына әсері қырғын болып табылады және қоғамды олардың жағымсыз әсерінен қорғау үшін шаралар қабылдау қажеттілінін көрсетеді. Пестицидтердің қоршаған ортаға теріс әсерінің маңызды аспектілерінің бірі ауыл шаруашылығында көмірқышқыл газының(СО2) шығарылуының көбеюі болып келеді. Пестицидтерді қолдану көбінесе ауылшаруашылық техникасын және энергияны көп тұтынатын өндіріс процесстерін қолдану арқылы жүреді. Нәтижесінде бұл парникті газдар, соныңішінде СО2 шығаруын тудырады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАПЕСТИЦИДТЕРДІ ҚОЛДАНУ МЕН СО2 ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС БАР МА?

Пестицидтерді, соныңішінде тұрақты органикалық ластағыштарды егіншілікте қолдану жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін, олардың бірі қоршаған ортаға СО2 шығарындыларының көбеюі болып табылады. Егер пестицидтер көп мөлшерде қолданылса, олар топыраққа сіңіп, су ресурстарына түсуі мүмкін. Бұл топырақ пен судың ластануына, сондай-ақ оның сапасының нашарлауына әкеледі. Топырақтағы ластағыштардың ыдырау процесінің нәтижесінде қосымша СО2 бөлінуі мүмкін.


Бұдан басқа, пестицидтерді дұрыс қолданбау әсерінен топырақ өзінің микробиологиялық құрамының бұзылуына немесе органикалық заттардың жоғалуына байланысты құнарлы қасиеттерін жоғалтуы мүмкін. Бұл топырақтың көміртекті тұту қабілетінің төмендеуіне әкеледі, сонымен қатар атмосфераға СО2 шығарындыларының көбеюіне ықпал етеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАЕСКІРГЕН ПЕСТИЦИДТЕР МЕН ТОЛ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ?

Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындаудың 2017-2028 жылдарға арналған ұлттық жоспарына сәйкес, 2003 жылғы пестицидтерді алдын ала түгендеу нәтижесінде бүкіл ел бойынша 727 қойма мен 15 қорым табылды. Бұл қоймалар мен қорымдарда 105 тонна ескірген пестицидтер мен улы химикаттар, оның ішінде құрамында ТОЛ бар пестицидтер анықталды:

•             Атырау облысында Обаға қарсы станцияда 24 тонна ДДТ;

•             Солтүстік Қазақстан облысы Аққай ауданында 15 тонна токсафен;

•             Шығыс Қазақстан облысы Жаңғызтөбе ауылының маңында 0,5 тонна ДДТ.

2014жылы ескірген пестицидтердің жалпы қоры 1 617,63 тоннаға және 169 660-тан астам пестицидтерге бағаланды. Ескірген пестицидтердің ең көп саны Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды,Атырау, Қызылорда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 2014 жылғы түгендеу деректері бойынша ескірген пестицидтер анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ФАО (БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) қолдауымен «Орталық Азия елдерінде және Түркияда пестицидтердің тіршілік циклін басқару және ТОЛ-пестицидтерді жою» ФАО/ЖЭҚ» жобасы шеңберінде ескірген пестицидтердің қорларына ұлттық түгендеу және ластанған аумақтарда экологиялық бағалау жүргізілуде. Ұлттық түгендеудің жаңартылған деректері зерттеудің барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін мемлекеттік органдарға ұсынылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДА ПЕСТИЦИДТЕРДІ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ҚҰРАМЫНДА ЖҚОЛ БАР ПЕСТИЦИДТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ҚАЛАЙ РЕТТЕЛЕДІ?

Қазақстан Республикасының заңнамасы ТОЛ және пестицидтерді өндіруді, импорттауды, экспорттауды, сақтауды, тасымалдауды, пайдалануды және кәдеге жаратуды қоса алғанда, олардың өмірлік циклінің әр түрлі кезеңдерінде өңдеуді реттейді. Пестицидтермен және ТОЛ-мен жұмыс істеуді реттейтін негізгі нормативтік құжаттар:

•             2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексі;

•             «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 заң;

•             ТОЛ және оларды қамтитын қалдықтармен жұмыс істеу қағидалары, 2022 жылғы 24 қарашадағы №717;

•             Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 техникалық регламент;

•             Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидаларын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттары (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығы).

Заңнаманың бірінші кезектегі шарасы ТОЛ қалдықтарын құрайтын өнімді өндіруге және әкелуге тыйым салу болып табылады. Пестицидтерді өндіруге лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етіледі,және де технологиялық процестер мен қоршаған ортаға шығарындылардың сипатын бақылау жүйесін енгізуді көздейді.

ҚР-ға пестицидтерді әкелуі арнайы өткізуге және импортқа арналған лицензияны талап етеді. Бұл пестицидтердің пайдалануға бақылауды қамтамасыз етеді.

Іске асыру кезінде пестицидтер мемлекеттік тіркеуден өту қажет және тиісті лицензия алғаннан кейін ғана қолданыла алады. Пестицидтерді тұтынушыларға қауіпсіз пайдалану және залалсыздандыру туралы міндетті ақпараты бар арнайы ыдыста ғана жіберуі тиіс.

Қауіпті заттарды сақтауқатан қауіпсіздік ережелерін қадағалауын талап етеді. Соның ішінде заттардың қасиеттері бойынша бөлек сақтаужәне мамандарылған қойма жайлары болып табылады.

Қауіпті заттарды пайдалану олардыңадам денсаулығы мен қоршаған ортаға терісәсер ету қаупін азайту үшін реттеліп, бақылануы керек.

Пестицидтерді залалсыздандыру пестицидтерді пайдаланудын маңызды кезеңі болып табылады. Пестицидтер мен олардың ыдыстарын залалсыздандыру пестицидтер иесінің қаражаты есебінен жүргізіледі.

Заңнамаға сәйкес пестицидтерді залалсыздандыру әдістерін өндірушілер әзірлеп, сараптамадан өткізеді, содан кейін қауіпсіздік паспорт, контейнерлік заттаңба, тұтынушыларға арналған қолдану жөніндегі ұсымдар сияқты препараттын құжаттамаларына енгізіледі. Пестицидтер мен олардың ыдыстары көмуге рұқсат берілмейді және пестицидтерді залалсыздандыру процестері қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс.

Пестицидтерді залалсыздандыруға лицензиясы бар компаниялар бөгде адамдардың кіруін болдырмай, тиісті сақтау шарттары бар қоймаларға пестицидтерді орталықтандырылған жинауды және тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті. Қаптаманың бүтіндігі бұзылған пестицидтер нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін ыдысқа қайта оралуға тиіс.

Құрамында ТОЛ бар пестицидтерді жоюға қатысты заңнамада мұндай қалдықтарды көмуге тыйым салу белгіленген. Бұдан басқа, қалдықты газдарды кешенді тазартусыз ТОЛ және құрамында хлоры бар қалдықтарды жою үшін қолданылатын технологияларды пайдалануға тыйым салынады. Тазартылған қалдық газдарда диоксиндер мен фурандардың концентрациясы текше метріне 0,1 нанограмнан аспау қажет.

ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ЕСКІРГЕН ПЕСТИЦИДТЕРДІ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҚҰРАМЫНДА ЖҚОЛ БАР ПЕСТИЦИДТЕРДІ БАСҚАРУ САЛАСЫНДА ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ЖАСАЛУДА?

Осы бағыттағы жағдайды жақсарту үшін мүдделі тараптар түрлі күш-жігер жұмсауда.

«Орталық Азия елдерінде және Түркияда пестицидтердің тіршілік циклін басқару және ТОЛ-пестицидтерді жою» ФАО/ЖЭҚ жобасы шеңберінде 900 тоннаға дейін ТОЛ және ескірген пестицидтерді жою жоспарлануда. Сонымен қатар, пестицидтермен ластанған қалпына келтіру жоспарлануда.

Қоса кетер, жоба шеңберінде өнімнің өмірлік циклін реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ институционалдықөзара іс-қимылды жақсартуға және ескірген пестицидтерді, оның ішіндеТОЛ қауіпсіз кәдеге жаратуды қамтамасыз етуге бағытталған заңнамаға ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мүдделі тараптардың іс-қимылдары мен ұтқырлығын тиімді үйлестіруүшін «Тұрақты дамуға көмектесу орталығы» қоғамдық қоры ФАО қолдауымен ТохісNet химиялық қауіпсіздік,ТОЛ және ескірген пестицидтер жөніндегі ұлттық желісін» құрды. Бұл желінің мақсаты ескірген пестицидтермен байланысты тәуекелдер саласындағы жергілікті қауымдастықтар мен басқа да мүдделі тараптардың ынтымақтастығын нығайту және әлеуетін арттыру болып табылады. Бұган қосымша, ескірген пестицидтардың сақтау орындары, полигондар немесе ластанған аумақтарды табылған жағдайда жедел әрекет етеін Қазақстан тұрғындарына арлаған өтініш үшін қолжетімді «қызу желі» құрылды.

ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ ТЕРІС ӘСЕРІ МЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ СО2 ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫН АЗАЙТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

Пестицидтердің теріс әсерін азайту және ауыл шаруашылығында СО2 шығарындыларын азайту үшін зиянкестермен күресудің интеграцияланған әдістерін және, органикалық егіншілік тәжірибесін енгізу қажет. Бұл өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралдарын пайдалану, зиянкестермен күресудің химиялық әдістерін қолдану және әртүрлілікті насихаттауды қосады.

Осы және басқа шараларды енгізу қолданылатын пестицидтердің мөлшерін азайтуға және олардың қоршаған ортаға терісәсерін болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл шаралар ауыл шаруашылығында СО2 шығарындыларын азайтуға ықпал етеді, мұның өзі тұрақты және экологиялықтаза ауыл шаруашылығына маңызды қадам болып табылады.

Жалпы, ескірген пестицидтер мен ТОЛ мәселесі қоршаған ортаға және адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Мемлекет пен жұртшылық тарапынан шаралар қабылдау қажеттілігі барған сайын өзекті бола түсуде. Халықаралықұйымдардың қолдауымен жүргізілетін ескірген пестицидтерді түгендеу және ластанған аумақтарды бағалау жөніндегі ұлттық күш-жігер бұл проблеманы шешудегі маңызды қадам болып табылады. Алайда, бұл проблеманы тиімді шешу үшін пестицидтерді өндіруді, пайдалануды және жоюды бақылауды күшейту, сондай-ақ органикалық егіншілік тәжірибесін дамыту қажет. Пестицидтердің зияны, сондай-ақ оларды қауіпсіз өңдеу жолдары туралы халықтың хабардарлығын арттыруда маңызды қадам. Мемлекеттің, бизнестің, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың бірлескен күш-жігерімен ғана химиялық заттардың қоршаған ортаға және климаттың өзгеруіне қауіпті әсерін азайтуға болады.    

14.02.2025
АДБ Қырғызстанның инвестициялық жобаларына 222 млн доллар бөледі
14.02.2025
Еурокомиссия 2040 жылға қарай шығарындыларды 90%-ға азайтуды ұсынды
13.02.2025
Жаңартылатын энергетика Қазақстанның энергетика секторында әлсіз тұстарды анықтап, көзқарасты өзгертуде
13.02.2025
Әзірбайжан 2027 жылға қарай ЖЭК есебінен 2 ГВт электр энергиясын өндіруді жоспарлап отыр
12.02.2025
Үндістан биоэнергетиканың дамуын жеделдетуде: 2030 жылға қарай 45% өсу болжамы
12.02.2025
Қазақстанда 2025 жылға арналған ЖЭК бойынша аукцион кестесі бекітілді
11.02.2025
Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары күн электр станциясын іске қосты
11.02.2025
Дүниежүзілік энергия теңгерімі: не өзгерді және қандай дақпыртты сейілту қажет?
10.02.2025
Ұлыбританияда оффшорлық жел парктеріне қызмет көрсету үшін толығымен электрлі кеме салынады
10.02.2025
Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтті
10.02.2025
2025 жылы Якутияда екі гибридті энергия кешенін енгізу жоспарлануда
07.02.2025
ЖЭК ЕО-да қоймалар серпілісін тудырды: 2030 жылға қарай сыйымдылықтың 5 есе ұлғаюы болжануда
07.02.2025
АДБ Әзірбайжандағы жылыту секторын декарбонизациялауға көмектеседі
07.02.2025
Орталық Азиядағы «жасыл» энергетика: көшбасшылар мен аутсайдерлер
06.02.2025
Австралияда жаңартылатын энергетика көмірді ығыстырып жатыр
06.02.2025
Қырғызстан мен Қытай 600 МВт қуатындағы ЖЭК жобалары бойынша инвестициялық келісімдерге қол қойды
05.02.2025
2024 жылы таза энергетикаға жаһандық инвестициялар алғаш рет $2 трлн-нан асты
04.02.2025
Алматыда PowerTech 2025 – көміртексіздендіру және жаңартылатын энергетика бойынша конференция өтеді
04.02.2025
Франция теміржолда күн панельдерін сынауда
04.02.2025
Баку Астанамен және Ташкентпен жасыл энергия бойынша серіктестікті ратификациялады