Қазақстан жаңалықтары03.09.2025
Түркістан облысындағы қуаты 300 МВт КЭС-ке инвестиция көлемі мен мерзімі белгілі болды

QAZAQ GREEN. Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысында Түркістан облысында қуаты 300 МВт болатын күн электр стансасын салу жобасына қатысты негізгі келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Энергетика министрлігі мен China Energy Engineering Group арасындағы инвестициялық келісім мен электр энергиясын сатып алу шартына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен қол қойылды.
Жаңа күн электр станциясы Түркістан облысының Сауран ауданында салынады. Жобаның инвестиция көлемі шамамен 320 миллион АҚШ долларын құрайды. Құрылысты іске асыру 2025-2026 жылдарға жоспарланған.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенжановтың айтуынша, бұл келісім – Қытаймен «жасыл» энергетикадағы стратегиялық әріптестікті тереңдетудің айқын дәлелі. Жоба еліміздің энергетикалық жүйесін нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болмақ.
Жаңа күн электр станциясының құрылысы еліміздің энергетикалық балансын әртараптандыруға және жаңартылатын энергия көздері үлесін арттыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосады. Сондай-ақ жобаны іске асыру Қазақстанда жаңартылатын энергетика саласындағы технологиялық мүмкіндіктердің одан әрі дамуына ықпал етіп, елдің «жасыл» экономикаға көшу бойынша өңірлік көшбасшы ретіндегі мәртебесін нығайтады.
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде