Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары06.01.2026

2025 жылы Қазақстанда ЖЭК бойынша 9 жоба іске қосылды

QAZAQ GREEN.  Қазақстан жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласы тұрақты дамып келеді. Бүгінде елімізде жалпы белгіленген қуаты 3,5 гигаваттты құрайтын 162 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде: 67 жел электр станциясы, 49 күн электр станциясы, 43 су электр станциясы және 3 биогаз электр станциясы бар, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша «таза» генерацияның үлесі 7%-ға жетіп, орнықты энергетикалық теңгерімге қарай оң динамиканы көрсетті. Айта кетейік, 2024 жылы ЖЭК үлесі елдегі электр энергиясының жалпы өндірісінің 6,43%-ын құраған болатын.

2025 жылы жалпы қуаты 503 МВт болатын 9 жаңа ЖЭК нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде: 5 жел электр станциясы – 387 МВт, 3 күн электр станциясы – 90 МВт, 1 су электр станциясы – 26 МВт.

Жаңа нысандар Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Жетісу, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында орналасқан.

ЖЭК нарығын дамытудың маңызды бөлігі – 2024–2027 жылдарға арналған жалпы қуаты 6,7 ГВт болатын жоспар шеңберінде өткізілетін аукциондар. 2025 жылғы желтоқсан айындағы жағдай бойынша шамамен 4 ГВт қуат бөлінген, бұл инвесторлардың жоғары қызығушылығын және «жасыл» генерация нарығының белсенді екенін көрсетеді.

Total Eren, Masdar, China Power International Holding, China Energy сияқты стратегиялық инвесторлардың қатысуымен халықаралық жобалар жүзеге асырылатын болады.

Жалпы алғанда, 2035 жылға дейін Қазақстанда 8 ГВт-тан астам ЖЭК қуаттарын іске асыру жоспарланған. Бұл еліміздің тұрақты «жасыл» энергетикаға көшу, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және ұлттық энергожүйенің тұрақтылығын арттыру бағытындағы жүйелі саясатын айқындайды.

24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
22.04.2026
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
21.04.2026
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
21.04.2026
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде