Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары05.11.2025

Нидерландыда жүк кемесіне алғашқы толық өлшемді күн жүйесі орнатылды

QAZAQ GREEN.  Нидерландтық Wattlab компаниясы Solar Flatrack күн жүйесін MV Vertom Tula дизельді-электр жүк кемесіне алғашқы толық өлшемді орнатуды аяқтады, бұл тұрақты су көлігі қатынасына жетудегі маңызды қадам болды.  79 кВт қуатты 44 модульден тұратын жүйе борттық жүйелерді қорекпен қамтамасыз етеді және кеменің энергия тұтынуын 20%-ға төмендетеді, деп хабарлайды компания сайты.

Бұл қондырғы Wattlab пен Vertom компаниялары арасындағы үш жылдық ынтымақтастықтың нәтижесі болды, оның барысында екі пилоттық жоба жүзеге асырылып, технологияның күрделі теңіз жағдайларында тиімділігі расталды.  100-ден астам кеме флотын басқаратын Vertom өзінің сенімділігі мен экономикалық орындылығын көрсеткен сәтті сынақтардан кейін 7280 тонна жүк көтергіштігі бар ең жаңа кемені күн жүйесімен жабдықтауға шешім қабылдады.

Solar Flatrack өндірісі мен құрастыруы Роттердамдағы жаңа Wattlab зауытында өтті, ал 44 модуль Харлинген портында бір күнде орнатылды. «Твист-лок» түріндегі бекітпесі бар конструкция панельдерді тез орнатуға немесе жүк үшін палубаны босату қажет болған жағдайда алуға мүмкіндік береді.

Wattlab бас директоры Бо Салет атап өткендей: «Панельдерді оңай алып және ықшам бүктеуге болады – олар бір 20 футтық контейнердің орнын алады». Ол Vertom компаниясына сенім мен серіктестік үшін алғысын білдірді және Еуропалық одақтың Әділетті ауысу қорының жобаны бірлесіп қаржыландырғанын атап өтті.

Vertom даму менеджері Томас Ван Меркерк TNO зерттеулері жүйенің парниктік газдар шығарындыларын азайту және оң экономикалық әсер қабілетін растағанын хабарлады. «Панельдер жоғары сенімділікті көрсетті және күрделі техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді», – деп қосты ол.

Нидерландтық зерттеу ұйымы TNO шығарындыларды азайту және жүйенің өтелу мерзімі туралы деректерді растады; есеп жақын арада жарияланады. Solar Flatrack сонымен қатар «Қоршаған ортаны қорғау» және «Жылдың құрғақ эүк таситын кемесі» номинациялары бойынша IBJ Awards сыйлығына ұсынылды.

Wattlab шешімі палуба кеңістігінің жүк көтергіштігі мен икемділігіне нұқсан келтірместен шығарындыларды азайтуды, отын үнемдеуді және энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, жағалаудағы және каботаждық кеме қатынасында күн технологиясын кеңінен енгізуге жол ашады.

22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты